Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Желіде тараған "Менттер үйінің" суреті жұрттың күлкісін келтірді

Опубликовано:

Желідегі мессенджерларда "Менттер үйі" атауы жазылған ғимараттың суреті тарап жатыр. Желі қолданушылары бұл Астана қаласындағы Сары-Арқа ауылында екенін айтуда деп жазады NUR.KZ.

Фото: Оқырман
Фото: Оқырман: UGC

Қазақстандықтар бұл ғимаратты полицейлердің жатақханасы болуы мүмкін деп ойлаған екен. Алайда бұл орынның тәртіп сақшыларына еш қатысы жоқ сыңайлы.

Суретті көркемделген деп те айтуға болмайды. Өйткені, ондағы әріптер де,қасындағы көліктер мен ғимараттар да анық көрініп тұр екен.

Одан бөлек, жерде тағы да ілінетін әріптер жатқаны байқалады.

Астана қаласы әкімдігінің мәліметінше, бұл ғимарат Сары-Арқа ауданында да, жалпы Астанада да емес екен.

Ал Сәулет басқармасы қалада құрылысқа мұндай панелдер қолданылмайтынын айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1747387-zelide-taragan-mentter-jini-sureti-zrtty-klkisin-keltirdi/

pixel