Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Адам бойын билейтін қорқыныштан қалай құтылуға болады?

Опубликовано:

Адам бойын билейтін қорқыныштардан құтылудың түрлі жолы бар. Ал сол фобиялардың ең көп таралған түрі қандай және олардан қалай құтылуға болады? Бұл сұрақтарға ВКонтакте желісінің "Фитнес и здоровье" парақшасына сілтеме жасаған NUR.KZ жауап береді.

Фото: trikky.ru
Фото: trikky.ru: UGC

Адам қорыққан сәтте жүрегінің жай соққанын, терлегенін немесе басы айналғанын сезеді. Бұл сезімдер адам бойындағы фобия ретінде түсіндіріледі.

Ал ең көп таралған фобиялар қатарына қараңғылықтан, биіктіктен, ұшудан және жабық жерден қорқу жатады. Сондай-ақ, бұл тізімге судан, қаннан, өлім мен жалғыздықтан қорқу кіреді екен. Ал осы сезімдерді сезінбес үшін фобияны жеңудің бірнеше жолын біліп алу қажет.

Фобияны жеңудің алғашқы сатысы өз бойыңызда осы кемшіліктің барын мойындау болып табылады.

Ал одан кейін фобияның емделетініне сену қажет. Бірақ ол үшін тек қана уақыт мен шыдам қажеттігін де білу қерек екен.

Ең маңыздысы, қорқудан қорықпауыңыз қажет. Сондай-ақ, жер бетіндегі бірде-бір адам баласы бұл сезімсіз жүре алмайтынын түсінгеніңіз дұрыс.

Ал, ең бастысы, бір рет болса да психотерапевттің қызметіне жүгінгеніңіз абзал.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1747446-adam-bojyn-bilejtin-korkynystan-kalaj-ktyluga-bolady/

pixel