RU

АҚШ-тың санкцияларына шүйліккен Түркия айфоннан бас тартпақ

Түркия америкалық электронды тауарларға бойкот жариялады. Бұл қадам Құрама штаттардың қойған санкцияларына қарсы жауап болған. Бұл туралы мемлекет басшысы Тайып Ердоғанның өзі хабарлады деп жазады РИА Новостиге сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: Pixabay
Фото: Pixabay: UGC

Оның айтуынша, қазіргі таңда Түркияға қатысты "экономикалық шабуыл" жасалуда.

"Бұған дейін мұндай әрекеттер жасырын түрде болатын. Енді болса бізге ашық түрде қысым көрсетілуде. Біз екі нәрсе істей аламыз: экономикалық және саяси ұстаным. Экономикалық тұрғысынан біз тиісті шараларды қолға алып жатырмыз.
Біздің қаржы министрлігіміз күні-түні ұйықтамай қызмет етуде. Оған қоса біз Америкадан алып келінетін Iphone іспетті электронды тауарларға бойкот жарияламақпыз. Оларда Iphone болса, бір жағынан Samsung бар.

Ел президенті жергілікті халық енді жаппай Venus Vestel отандық маркалы телефондарға көшетінінін айтты.

Ердоғанның айтуынша, Түркия өзіне қажетті заттың барлығын өзі өндіріп шығара алады.

"Шетелден қыруар қаржыға тапсырыс беріп алатын нәрселерімізді енді өзіміз өндіреміз. Біздің халықтың қолынан бәрі келеді", - деп сеніммен айтты Ердоған.

Айта кетейік, қазіргі таңда бұл елде дағдарыс кезеңі орын алды. Түрік лирасының жыл басынан бері құнсызданып бара жатқаны екі ел арасындағы өзара келіспеушілікке тікелей байланысты болып отыр.

Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/1747564-aks-ty-sankcialaryna-sjlikken-trkia-ajfonnan-bas-tartpak.html