Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Нәзік жандыларға кеңес: Мінсіз әйел болу үшін не істеу керек?

Опубликовано:

Ер азаматтар қасында жүрген әйелдің мінсіз болғанын қалайды. Олар өз ғашықтарының бойынан нәзік жандыларға тән қасиеттерді көргісі келеді. Ал мінсіз әйел қандай болу керек? Бұл туралы asn.in.ua сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ жазады.

Фото: shop-lastochka.ru
Фото: shop-lastochka.ru: UGC

Кез келген әйел ер азаматтың қасында мінсіз болып жүруге тырысады. Ал жігіттердің ойынша, сыр-сымбаты келіскен арулар қызға тән ерекшеліктермен де еленуі тиіс.

1. Сұлу болу

Жігіттер қыздардың сұлу болып жүргенін қалайды. Алайда, сұлу боламын деп бетіңізге бояу жаға берудің қажеті жоқ. Тек кем тұстарыңызды байқатпай, өзіңізді таза ұстап жүрсеңіз жеткілікті.

2. Пысық болу

Кез келген ер адам жұмыстан шаршап келгенде, жиналған үйге кіріп, тәтті тамақ ішкісі келеді. Сол үшін қыз баланың үй тірлігіне пысық болғаны абзал.

3. Түсінігі бар, сыйластықты ұғынатын әйел болу

Әйел ер азаматты ессіз сүйіп тұрып, оны түсіне алмаса, ара-қатынастары дұрыс болмайды. Ал отау құрғаннан кейін ер адам мойнына түскен ауыртпашылықты өзі жалғыз көтере алмайды. Осы кезде оған әйелі кеңес беріп, үнемі қолдап отыруы керек. Сондай-ақ, әйел ер азаматтың басқа қызығушылықтары бар екенін де ұмытпауы қажет.

4. Тәрбиелі болу.

Әйел адам-еркектің айнасы. Сол себепті, ер азаматтар өз қасында жүрген жұптары тәрбиелі, инабатты болғанын қалайды.

5. Өз қызығушылығын ұмытпау

Өз қызығушылығын ұмытпаған әйел әрдайым қасындағыларға бақыт пен қуаныш сыйлап жүреді. Сол себепті, кез келген нәзік жанды өзі ұнататын істі таба алуы керек. Мейлі, ол жұмыс болсын, мейлі хобби болсын, ол тек әйелді рахатқа бөлесе болғаны.

6. Әрдайым барлығынан хабардар болу

Ер адам әйелінен үнемі қолдау күтеді. Сол себепті, сіз оның табысы мен жетістігі туралы әрдайым хабардар болып отыруыңыз керек. Оның мұңы мен ешкімге айта алмайтын сырын да сіз білуге тиіссіз.

7. Алға ұмтылу, тырысу

Негізі, отбасылық өмірде ер адам алға жетектеу керек деген ұғым қалыптасып қалған. Алайда күйеуіңіз отбасын қаржылық жағынан алға жетелесе, сіз туыстық қатынастар мен отбасы жылулығын сақтауда үнемі алға ұмтылып отыруыңыз керек. Отбасылық демалыс, туған-туысқандармен араласу немесе жай ғана жұбайыңызбен қыдыру сынды әрекеттерді өзіңіз ұйымдастарғаныңыз абзал.

8. Сену

Ер адамдар өздеріне сенімді қыздарды жақсы көреді. Алайда отбасылық өмірде сіз еріңізге сенуді де ұмытпағаныңыз дұрыс. Өйткені, жігіттерге сенім арту, мықтылығы туралы айтып отыру оларды алға жетелейді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1747641-nzik-zandylarga-kees-minsiz-jel-bolu-sin-ne-isteu-kerek/

pixel