RU
Пәтерге таласқан ер адам туған ағасы мен жеңгесін балталап өлтірді
Жаңалықтар Әлемде

Пәтерге таласқан ер адам туған ағасы мен жеңгесін балталап өлтірді

Рассказать Вконтакте

Өзбекстанның Самарқанд облысында сұмдық жайт орын алды. Өзбекстандық Бахтиёр Шукуров есімді азамат пәтер үшін туған ағасы мен жеңгесін балатамен ұрып өлтірген деп хабарлайды centralasian.org-қа сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: centralasian.org

Фото: centralasian.org

Оқиға 14 наурызда орын алған көрінеді. Өзбекстанның Самарқанд облысының Пайшанба қаласының тұрғыны Бахтиёр Шукуров аға-жеңгесін әке-шешесіне үйден шық деген талабы үшін балтамен ұрып өлтірген.

Облыстық сот айыптыны кінәлі деп тауып, 22 жыл бас бостандығынан айырған. Сот сондай-ақ оған енді бұдан былай рақымшылық жасамайды деген шешім де шығарыпты.

Айта кетерлігі, қатыгез тұрғын бұған дейін де түрмеде отырған болып шықты. Ал, 2014 жылы Президент жариялаған рақымшылық негізінде, темір тордан босап шыққан екен.

Сіздің реакцияңыз
0
1
6
2
1
3
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel