RU
Селфи үшін шаш жұлыса төбелескен арулар жұрттың ашуын келтірді
Жаңалықтар Әлемде

Селфи үшін шаш жұлыса төбелескен арулар жұрттың ашуын келтірді

Рассказать Вконтакте

Рим қаласында Треви субұрқағының қасына селфиге түсу үшін арулар шаш жұлысып, төбелесіп қалған деп хабарлайды korrespondent.net сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Аталған оқиғаның видеосы Youtube желісіне салынып, төрт күнде 150 мың қаралым жинаған.

Мәлімет бойынша, төбелес ұйымдастырғандар 19 жастағы голландиялық қыз бен 44 жастағы итало-америкалық әйел болып шыққан. Олар суретке түсетін орынға таласып, бір-бірінің шашын жұлған екен. Сәлден соң төбелеске олардың туыстары да қосылып кетіпті.

Осылайша, жаппай төбелеске сегіз адам қатысқан. Олардың бесеуі кәмелеттік жасқа толмағандар болып шығыпты.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
5
0
1
0
0
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel