Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ақша берді": Түркістан облысында қайын атасы келінін екі жылы бойы зорлаған

Опубликовано:

Түркістан облысындағы ауылдардың бірінде қайын атасы келінін зорлаған. Екі жылдан бері келінімен төсектес болып келген қарт кісіден түсініктеме алған полицейлер істі қысқартыпты. Бұл туралы өңірдегі NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

"Ақша берді": Түркістан облысында қайын атасы келінін екі жылы бойы "зорлап" келген
Көрнекі фото: sputnik-abkhazia.ru: UGC

Сұмдық жағдай облыстағы ауылдардың бірінде болған. Үш жыл бұрын келін болып түскен азаматшаға қайын атасы алғашқыда қырындап жүрген.

Кейін үйдегі қарт кісі ұлының мүгедектігін пайдаланып, келінін екі жылдан бері төсекке тартып келген.

"Күйеуім мүгедек. Ақыл есінде кемістік бар. 2015 жылдың желтоқсан айында қайын атам күйеуім жоқ кезде үйге кіріп келіп, мені төсекке мәжбүрлеп итермеледі.

Менімен төсектес болуы үшін алғашқыда ақша беріп тұратын. Кейін ақша бермей қойды.

Екі жылдан бері менімен төсектес болып жүргеніңді тірі жанға айтып қойсаң, "үйден қуып жіберемен" деп қорқытып келді. Амалсыздан полицияға барып арыздандым", -дейді қайын атасы зорлаған келіншек.

Құзырлы орган өкілдері бұл жағдайды тексере келе істі қысқартыпты. Қарт кісінің сөзінше, келіні онымен өз еркімен төсектес болған көрінеді.

Әрі қайын атасы осы күнге дейін келіні мен мүгедек ұлына қарайласып, қаржылай көмек беріп келгендігін айтқан.

Қайын атасымен төсектес болған келіншек күйеуімен ажырасып кетіпті. Қарт кісі мен келіннің арасындағы сұмдық жағдай туралы бүкіл ауыл тұрғындары хабардар екен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1747721-aksa-berdi-trkistan-oblysynda-kajyn-atasy-kelinin-eki-zyly-bojy-zorlagan/

pixel