RU
Мінсіз мүсінді ару көпшілікті ерекше дене сымбатымен тәнті етті
Жаңалықтар Калейдоскоп

Мінсіз мүсінді ару көпшілікті ерекше дене сымбатымен тәнті етті

Рассказать Вконтакте

Камила Коэльхо есімді ару интернетте асқан сұлулығының арқасында танымал болды. Бойжеткен желідегі парақшасы арқылы сән әлеміне өзіне жол ашқан. Өзінің мінсіз мүсінді бейнесін белсенді түрде жүктеп тұратын ару бір мезетте-ақ қарапайым қыздан сұранысқа ие модельге айналды деп жазады NUR.KZ.

Камила бала кезінен бастап модель болуды арман еткен. Алайда, мектепте тым ұялшақ болған қыз бұл ойының іске асатынына үлкен күмән қарағанын айтады.

Дегенмен, құрбыларымен бірге әлеуметтік желіге тіркеліп, онда фотоларын жүктей бастаған ару үлкен танымалдылыққа ие боларын білмеді. Көпшілік ерекше сұлулық иесінің суреттеріне тәнті болып, бірінен соң бірі оның парақшасына тіркеліп жатты.

Табынушыларының саны көбейе бастаған бойжеткенді АҚШ-тағы белгілі агенттік өкілдері байқап, оның талғамын түбегейлі өзгерткен. Нәтижесінде, жұрт тамсанарлық қыз кәсіби модель болып шыға келді.

Қазіргі таңда Камила түрлі түсірілімдерге қатысып, өз мансабын шыңдау үстінде. Ол сән әлеміндегі жолының енді қалана бастағанын айтып, өзіне әлі де тәжірибе керектігін мойындайды.

"Армандаған жұмысыңмен бірге саяхаттауды да қатар алып жүргенге не жетсін. Түрлі елдердегі түсірілімдерге барғанда міндетті түрде жергілікті мекеннің мәдениет мен тарихымен танысып кететтінім бар.", - деп айтты модель.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
0
0
1
0
11
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel