Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда әкесі таспен ұрып, жолға тастап кеткен бала ауруханадан шықты

Опубликовано:

Алматының Шығыс айналма жолынан бас жарақатымен табылған төрт жасар бала ауруханадан шықты деп хабарлайды Sputnik Қазақстан агенттігіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

Алматыда әкесі таспен ұрып, жолға тастап кеткен бала ауруханадан шықты
Көрнекі фото: NewsRoom: UGC
"Толық емдеуден өтіп, массаж және реабилитация курстарын алды. Баланың хәлі күн санап жақсарып келеді.

Өзі жүріп, сөйлей бастады, онымен логопед жұмыс істеді. Бүгін баланы ауруханадан шығардық.

Реабилитацияның екінші кезеңі үш айдан соң басталады", — деп мәлімет берді №2 клиникалық балалар ауруханасы бас дәрігерінің емдеу жұмыстары бойынша орынбасары Аида Аханбекова.

Жарты жылдан соң балаға тағы бір операция жасалып, бас сүйегінің консервіленген бөлшегі қайта салынады.

Естеріңізге сала кетсек, 16 шілдеде полицияға түскен мәлімет бойынша, баланы көлік қағып, жүргізуші бүлдіршінді көрпеге орап, жолға тастап кеткен болатын. Төрт жасар Мұхаммед бірден аурухана жеткізілді. Жағдайы өте ауыр болған бүлдіршінге операция жасалды.

Полиция екі аптадан астам уақыт бойы жол апатына айыпты жүргізушіні іздеді. Алайда Алматы қаласы Ішкі істер департаменті Мұхаммедтің әкесінің өз кінәсін мойындаған видеосын жариялады. Ол тіл алмаған баласының басынан таспен бір қойып, осы уақыт бойы полиция мен бүкіл халықты алдап келген екен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1747775-almatyda-kesi-taspen-ryp-zolga-tastap-ketken-bala-auruhanadan-sykty/

pixel