RU

Тоқсанға келген оралдық қария 57 жыл бойы көрмеген ұлына іздеу салды

Орал қаласының 89 жастағы тұрғыны 57 жыл бойы көрмеген ұлын іздеуде. Оның айтуынша, ұлы қазіргі таңда Өскемен қаласында тұруы керек деп жазады "Мой город" порталына сілтеме жасаған NUR.KZ.

89 жастағы оралдық қария 57 жыл бойы көрмеген ұлына іздеу салды
Александр Максимович Дзюбан.: UGC

Александр Максимович Дзюбанның айтуынша, оның ұлы Евгений Александрович Дзюбан қазіргі таңда Өскемен қаласында тұрып жатыр.

89 жасқа келген қария - еңбек ардагері. 1956 жылы Оңтүстік Сахалиндегі Чехов қаласында оның бірінші әйелі ұл босанған. Алайда отбасы ажырасып кеткен соң, әйелі ұлын алып Өскемен қаласына көшіп кетіпті. Ал ол Орал қаласына қоныс аударған екен.

Қазіргі таңда ол екінші некедегі ұлымен бірге тұрып жатыр. Алайда ол ұлы Евгенийді де өмір бойы есінен шығармағанын айтады.

"Жақында ол хабарласқан. Алайда байланыс үзіліп кетті де, мүлдем сөйлесе алмай қалдық. Мен ұлымды тапқым келеді. Қатты көргім келеді. Оны білетіндер болса, 8777 149 75 12 нөміріне хабарласса екен", - деді ол.

Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/1747815-toksanga-kelgen-oraldyk-karia-57-zyl-bojy-krmegen-lyna-izdeu-saldy.html