RU
Марқұм күйеуін есіне алған Роза Рымбаева өміріндегі ең үлкен өкініші туралы айтты
Жаңалықтар Қоғам

Марқұм күйеуін есіне алған Роза Рымбаева өміріндегі ең үлкен өкініші туралы айтты

Рассказать Вконтакте

Еліміздің жезтаңдай әншісі Роза Рымбаева өзінің өміріндегі ең үлкен өкініші туралы айтты. Жастайынан жесір қалған әнші екі баласының әкесіз өскеніне қынжылатынын жасырмады деп жазады "Айқын" газетіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

Әнші өнерде жүрген 42 жыл ішіндегі ең үлкен өкініші жарынан ерте айырылғаны екенін айтты.

"Ең үлкен өкінішім – Тасқынның өмір­ден ерте кеткені. Ұлдары көбірек іздейді. Ұлдарының жігіт болғанын көрмегені – жанымды ауыртады. Қанша қиындық көрдім, қажымай-талмай еңбек еттім. Сол қиындықтың бәрінен өту керек болды.

Алла да сүйген құлына сынақ береді екен. Бұл да маған берілген сынақ шығар. Ал концерттік сахна – ең киелі дүние. Той-томалаққа құр­меттеп шақырса ғана барамын. Тоймен күн көріп жүрген әнші емеспін.

Менің өнерімді жоғары бағалаған той иесі сол өнерім үшін ғана шақырады. Қиындық көрдім деп жа­сы­маймын. Асып-кеттім деп те тасымай­мын. Екі ұл тұрғанда әлі талай еңбек етуім керек. Со­лар үшін тырысамын, талпынамын. Бол­дым-толдым деген әртіс сонымен тоқтады деген сөз", - деді әнші.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
2
6
3
2
5
28
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel