Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкентте бір топ ақсақал жиынға келмеген басшыға өкпелеп қалды

Опубликовано:

Шымкентте бір топ ақсақал "Ордабасы" футбол клубының су жаңа президенті жасымызды сыйламады, уәдесінде тұрмады" деп шу шығарды деп хабарлайды өңірдегі NUR.KZ тілшісі.

Шымкентте бір топ ақсақал жиынға келмеген футбол клубының президентіне өкпелеп қалды. Фото: NUR.KZ
Шымкентте бір топ ақсақал жиынға келмеген футбол клубының президентіне өкпелеп қалды. Фото: NUR.KZ: UGC

Өкпесі қара қазандай болған қариялардың мұнысына клуб президенті Нұржан Катаевтың кездесуге шақырып алып, өзі жұмыс орнында болмай шыққаны себеп болған.

Катаев мырза осыдан бірнеше күн бұрын ардагер жанкүйерлердің бірімен кездесіп, бір топ ақсақалдың ақ батасын алатынын айтып уәде еткен. Кейін кездесу күні мен уақыты белгіленіп, қарияларға хатшысы хабарласыпты.

Шымкентте бір топ ақсақал жиынға келмеген футбол клубының президентіне өкпелеп қалды. Фото: NUR.KZ
Шымкентте бір топ ақсақал жиынға келмеген футбол клубының президентіне өкпелеп қалды. Фото: NUR.KZ: UGC

Бірақ белгіленген уақытта Нұржан Катаев шұғыл шаруаларымен Астанаға кетіп қалған. Ақсақалдар болса, іс-сапары туралы алдын ала ескертпеді деп ренжулі.

«Мен 13 жасымнан бері клуб жанкүйерімін. «Ордабасы» футболшылары жеңіске жетсе, әйелім ұл тапқандай қуанамын... Осыдан бірнеше күн бұрын клуб президентіне келіп жолыққан едім.

Сонда осы кездесу туралы сөз болды. Мақсат - біреуді жамандау не өсек айту емес. Қариялық ақ батамызды берсек дедік. Бір күн бұрын хатшысы хабарласып, бүгін келуімізді өтінді.

Аудандардан келетіні бар. Соған қарамастан, біз жарты сағат бұрын ерте келдік. Күтіп қалмасын дедік қой. Бес-алты адам болып жиналдық. Клуб президенті расымен де кетті ме Астанаға, әлде бізді жақтырмады ма, ол жағы белгісіз. Мүмкін батамызды керек қылмаған шығар. Өкінішті...», - деді 65 жастағы жанкүйер Исматулла Төлепбергенов.

Шымкентте бір топ ақсақал жиынға келмеген футбол клубының президентіне өкпелеп қалды. Фото: NUR.KZ
Шымкентте бір топ ақсақал жиынға келмеген футбол клубының президентіне өкпелеп қалды. Фото: NUR.KZ: UGC

76 жастағы қария Тоқтасын Жамбаев ауруханада жатқан жерінен осы кездесу болатынын естіп, ақ халаттылардан сұранып келіпті.

Бірақ, өзім сырқаттанып тұрсам да, аптап ыстыққа қарамастан, келгеніме арзымады деп отыр. «Ордабасы» клубы менің отбасымның бір мүшесі болып кеткен.

Клубқа жаңа басшы келген соң батамызды берейік деп келіп едік. Осындай болды жағдай. Іссапар деген алдын ала жоспарланады емес пе?

Ол Астанаға баратынын кеше білген шығар? Неге бізге алдын ала ескертпеді? Бұл үлкенді сыйламағандық боп тұр», - деген қария ордабасылық футболшылар алты айдан бері жалақы ала алмай жүргенін де тілге тиек етті.

«Клубтағылар жалақы мәселесі «шешіледі» деп айтқан. Балалардың ақысын жеу деген дұрыс емес. Айлық бермеген соң ойын да дұрыс болмайды», - деп сөзін жалғады Тоқтасын ақсақал.

Шымкентте бір топ ақсақал жиынға келмеген футбол клубының президентіне өкпелеп қалды. Фото: NUR.KZ
Шымкентте бір топ ақсақал жиынға келмеген футбол клубының президентіне өкпелеп қалды. Фото: NUR.KZ: UGC

Нұржан Катаевқа ақ батамызды береміз деп жиналғандардың кейбірі Сайрам, Қазығұрт секілді аудандардан да келіпті.

«Ордабасы» футбол клубының ресми өкілі басшының іссапары туралы алдын ала ескертілді деп ағынан жарылды.

«Кездесу бүгін сағат 16.00-ге жоспарланған. Бірақ бір ойыншының мәселесін шешу үшін клуб президенті шұғыл түрде таңертең Астанаға кетті. Ақсақалдарға сағат 11-12-лерде бұл туралы ескертілді.

Бірақ, олар президенттің өзі кездесу туралы айтқан деп келіп алды. Құдай қаласа, алдағы уақытта бұл кездесуді міндетті түрде ұйымдастыратын боламыз», - деді клубтың баспасөз хатшысы Ихсан Кадыров.

Ал қариялар болса, ескерту тек біреуіне ғана айтылғанын, оның өзі кездесуге бір сағат қалғанда белгілі болғанын айтып отыр. Бұл уақытта ардагер жанкүйерлердің бірі клуб ғимаратына келіп қойған болса, қалғандары жолда болған екен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1747920-symkentte-bir-top-aksakal-ziynga-kelmegen-bassyga-kpelep-kaldy/

pixel