Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жанкүйерлерімен суретке түспей қойған Айдана Меденова елдің сынына қалды

Опубликовано:

Отандық танымал әнші Айдана Меденова бірнеше күн бұрын Алматыдағы Көк Төбе сахнасында ән айтқан болатын. Концерт соңында Айданамен суретке түспекші болған көрермендер әншінің суретке түспей қойғанын айтып, оған өз ренішін жеткізді. Олар Меденованы айыптап, түрлі пікірлерін жаудырды деп хабарлайды NUR.KZ.

КөкТөбе сахнасында жанды дауыста ән шырқаған Айдана Меденова елдің сынына қалды.

Әншінің өнерін бағалап, өзімен көрісуді қалаған тыңдарман қауым концерттен ренжіп қайтқанын жазуда.

Олар Меденовамен суретке түспек болғанда оққағарлары мен күйеуі оған жол бермей, әншіні тез арада алып кеткенін айтты. Желі қолданушылары осыған қатысты Айдананың парақшасында түрлі пікірлерін жаудырды.

«Біз болдық қой Көктөбеде, концерт біткенде елдің бәрі артынан жүгіріп, ауыздарын ашып қалды. Қасында толған охрана, күйеуі. Адамдар жеп қоймайды ғой. Суретке түсіп кетсе болады. Қаншама адам жүгіріп қалды», «Айдана сенікі мүлдем дұрыс емес, өр көкірек болып кетіпсің, осы халықтың арқасында жүргеніңді ұмытпа. Бүгін Көктөбеде болдым, көрдім, көзім жетті. Тым артық кеттің», «Фотоға түскісі келмеді, өзінше болып кетіпсіз», - деп жазды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1748007-zankjerlerimen-suretke-tspej-kojgan-ajdana-medenova-eldi-synyna-kaldy/

pixel