Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтөбеде "Sex-shop" жанынан ашылған мектеп жәрмеңкесі ата-аналарды шошытты

Опубликовано:

Ақтөбеде "Sex-shop" дүңгіршегінің алдынан мектеп жәрмеңкесінің ашылуы ата-аналарды алаңдатып қойды. Олар өкілетті органдардан көмек сұрайды деп хабарлайды өңірдегі NUR.KZ тілшісі.

Ақтөбеде "Sex-shop" дүңгіршегінің алдынан мектеп жәрмеңкесі ашылды
Фото: kerek-info.kz: UGC

Мектеп маркетінің алдында кезекке тұрған оқушылар "Sex-shop" дүкенін қызықтап отыр.

"Кеше "Instagram" парақшасынан жарнамамен мектеп маркетіне бардым. Онда оқу құралдары, мектеп киімдері сатылады деген. Балаларымды ертіп барып дүкеннің тұрған жерінен шошыдым.

Есігі ашық тұрған "Sex-shop" магазинінің жанында мектеп құралдары сатылады. Кезекте тұрған кішкентай балалардан бастап жеткіншектерге дейін ашық тұрған есікке қарап отыр. Бұл жағдай ақылға сыймайды", - дейді әлеуметтік желіге шағым қалдырған тұрғын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1748028-aktbede-sex-shop-zanynan-asylgan-mektep-zrmekesi-ata-analardy-sosytty/

pixel