RU
Өскеменде туысының көлігін айдап кеткен мас жүргізуші апатқа ұшырады
Жаңалықтар Оқыс оқиғалар

Өскеменде туысының көлігін айдап кеткен мас жүргізуші апатқа ұшырады

Рассказать Вконтакте

Өскеменде туысының көлігін "рұқсатсыз" мініп, мас күйінде рөлге отырған жүргізуші жол-көлік оқиғасына себепші болды деп хабарлайды AltayNews.kz порталына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Өскеменде

Көрнекі фото: kaz.altaynews.kz

Кеше сағат 13:00 шамасында Ворошилов-Белинский көшелерінің қиылысында жол-көлік оқиғасы орын алды.

«Mitsubishi» және «Audi» маркалы екі жеңіл автокөлік соқтығысып қалған.

Оқиғаға куә болғандардың айтуынша, «Mitsubishi» автокөлігінің жүргізушісі мас күйде болған. Мұны полиция қызметкерлері де растап отыр.

Өскемен ІІБ баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, Белинский көшесімен Ворошилов көшесіне қарай бағыт алған «Mitsubishi Carisma» маркалы автомобиль бағдаршамда тоқтап тұрған «Audi» автокөлігіне соғылған.

Полиция қызметкерлері «Mitsubishi» көлігінің жүргізушісі мас күйде болғанын анықтап отыр. Сонымен қатар, бұл көлік оның жақын туысының меншігінде екені белгілі болды. Көлік иесі полицияға арызданды.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel