Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақ ақыны ұзату тойында сүйіктісіне ән арнайтын аруларды сынап тастады

Опубликовано:

Сара Тоқтамысова өз ұзату тойында болашақ күйеуіне ән арнап, елдің көзінше сезімін білдіретін аруларды сынға алды. Отандық ақын сүйіктісінен гөрі ыстық ұяда өсірген ата-анаға ән айтқан абзал екенін алға тартты деп жазады NUR.KZ.

Танымал ақын өзінің Instagram парақшасына ұзату тойда түсірілген видео жүктеп, жас қалындықтарды сынға алды. Сара Тоқтамысова соңғы кездері кең қанат жайған күйеуіне сезімін білдіре ән айту дәстүріне өз қарсылығын білдірді.

Оның айтуынша, жаңа отбасыға кетіп бара жатқан күні болашақ жарыңа емес, тәрбиелеп өсірген ата-анаға ән арнаудың мәнісі зор.

"Қыз ұзату тойында қыздың "Сүйгенім, күйгенім" деп болашақ жарына қарап үздігіп тұрғанынан гөрі, ата-анасына еркелеп тұрып , бір жағы алғысы ретінде ән арнап тұрғаны қандай тамаша ия?", - деп жазды ақын өз парақшасына.

Оқырмандар Сараның айтқанына толықтай келісетіндерін жеткізген. Олар да сүйіктісіне қарағанда, ата-анаға ән айтқан абзал деп санайды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1748047-kazak-akyny-zatu-tojynda-sjiktisine-n-arnajtyn-arulardy-synap-tastady/

pixel