RU
Ақтөбеде спорт күні атап өтілуде
Жаңалықтар Пресс-релизы

Ақтөбеде спорт күні атап өтілуде

Рассказать Вконтакте

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев Спорт күніне арналған салтанатты шараға қатысты. «Жекпе жек» сарайында ұйымдастырылған шараға 800-ден астам адам жиналды деп жазады NUR.KZ.

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

Облыс әкімі спортшылар мен жаттықтырушыларды кәсіби мерекемен құттықтап қана қоймай, аймақтағы спорт мәдениетінің дамуына үлкен үлес қосқан 25 азаматқа түрлі марапаттар тапсырды.

Марапатталғандардың ішінде жас рекордшы Мұса Түркімбаев та бар. Ол 8 жаста екеніне қарамастан 42 рет тартыла алады. Оның спорттық нәтижесі Қазақстанның рекордтар кітабына енгізілген.

"Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаевтың саясаты әрдайым бұқаралық спорт қозғалысын кеңейтуге, спорттық жетістіктерге қол жеткізуге бағытталған. Осыған байланысты бүгінгі таңда елімізде беделді халықаралық деңгейдегі жарыстар өткізіліп келеді, біздің спортшыларымыз әлемдік деңгейде Қазақстанды құрметпен танытып келеді ", - деді облыс әкімі өз құттықтау сөзінде.
Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

Спортшылар спорттық жетістіктерімен халықаралық аренадағы Қазақстанның имиджін қалыптастыруға айтарлықтай үлес қосқаны атап өтілді. Мәселен, жақында ғана 8 ақтөбелік тұрғын жазғы Азия ойындарына қатысу үшін лицензияларға ие болды.

Мемлекет басшысының және Үкіметтің қолдауымен біздің облыста спорттық инфрақұрылым белсенді дамуда. Өткен жылы спорт колледжі, «Жекпе-жек» сарайы, «Олимп» хоккей модулі, ФИФА-ның «5 алаң» спорттық-жаттығу кешені және тағы басқалары ашылды.

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

Облыстың барлық елді мекендерінде бұқаралық спортты кеңінен тарату мақсатында спорттық-сауықтыру алаңдары орнатылды. Осы бағытта жұмыс жалғасуда. Көп ұзамай облыс орталығында мұз сарайы ашылады, сондай-ақ жеңіл атлетика манежі, теннис орталығы, бокс орталығының құрылысы жүруде. Барлық нысандар жоғары халықаралық стандарттарға сәйкес келеді.

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

"Біздің басты мақсатымыз - спортқа мүмкіндігінше жастарды көп тарту, олимпиада чемпиондарын тәрбиелеу. Мен бұл мақсатқа бірігіп жетеміз деп ойлаймын. Спорт күнін кәсіби мерекесі санайтындарға жоғары жетістіктер мен мықты денсаулық тілеймін" , - деп атап өтті өзінің құттықтау сөзінде Бердібек Сапарбаев.

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

Іс-шараның жалғасында көрнекті орындаулар мен концерттік бағдарлама болды. Айта кетейік, биылғы жылы Ақтөбе тұрғындары спорт күнін аптаның 10-нан 18-іне дейін атап өтеді. Осы кезеңде Ақтөбеде және облыстың аудандарында 15 спорттық ірі іс-шара өтеді, соның ішінде ашық есік күндері, флешмобтар, түрлі жарыстардың көрсетілімдері болады.

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
1
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel