RU
Астанада өз-өзіне қол салған дәмхана иесінің қызы оқиғаға қатысты өз шындығын айтты
Жаңалықтар Қоғам

Астанада өз-өзіне қол салған дәмхана иесінің қызы оқиғаға қатысты өз шындығын айтты

Рассказать Вконтакте

Астанада сүрілген дәмхана иесінің өліміне қатысты жаңа деректердің беті ашылды. Сол күні өз-өзіне қол салған кәсіпкердің қызы Тунзалы Рашидлидің айтуынша, қолда бар құжаттар бойынша, олар дәмхана орналасқан жер аумағын 2020 жылға дейін пайдалануға құқылы болыпты. Бұл туралы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Көрнекі фото: odessa.net

Көрнекі фото: odessa.net

Дәмхана иесінің қызы Тунзалы Рашидлидің сөзінше, қайғылы оқиға сол күні нысанға полицейлер мен сот орындаушылары келген күні орын алыпты. Әкесі Авазов Майор Рашид-оглы ғимаратты 8 жыл бұрын салған көрінеді.

"Біз бұл жерді 2020 жылға дейін жалға алған едік. Біздің қолымызда құжаттар да, келісімшарт та бар",-дейді қайғыдан қан жұтқан бойжеткен.

Сонымен бірге ол "2015 жылға дейін жер телімі бір компанияға тиесілі болғанын, алайда біршама уақыттан кейін жалға алушыларға ескертпей, оны өзге біреулер тартып алғанын" жеткізген.

"Прокуратура бізге 10-қыркүйекке дейін уақыт берген еді. Сол күні шыны керек оқ атқан дыбысты естімедім, тек адамдардың "өлді", "өлді" деген дауыстарын ғана естідім",-дейді ару.

Айта кетейік, Астанада сүріліп жатқан дәмханасын көрген кәсіпкер, сот орындаушыларының көзінше өз-өзін атып жіберген еді.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
4
2
1
17
1
3
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel