Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тойға дейін жақындасып қойдым: Тұрмыс құрғалы жатқан ару ішкі сырын айтып, мұңын шақты

Опубликовано:

24 жастағы бойжеткен отау құрғалы жатқан жігітімен тойға дейін "жақындасып" қойғанын айтып, жан сырын ақтарды. Айтуынша, аталған "әрекетін" болашақ жарының туыстары мен өзінің ата-анасы біліп қойса, "ибалы келін" деген атақтан айырылады екен. Бұл туралы blog18krg-ға сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Фото: Sputnik
Фото: Sputnik: UGC

Арудың айтуынша, ол өзінің ақ абыройын болашақ жарына сақтап келіпті.

"Жасым 24-де, пәктік пен қыздың абыройы деген нәрсені алдыңғы қатарға қоюшылардың бірі едім. Алайда, сүйген жігітіме қарсы шыққым келмей әрі соған тұрмысқа шығатындықтан, тойға дейін жақындасып қойған жайым бар. Бірінші түні пәктігімді дәлелдей алмай, қаттың алаңдадым.

Осы мәселе бойынша тіпті арнайы гинеколог маманға да бардым. Олар менікі "ерекше жағдай, пәктік қабаты соызлмалы, тек дүниеге бала әкелген сәтте ғана одан айыраласың" деді. Бірақ, абырой болғанда, соңғы рет "бірге болғанымызда" абыройлы екенім дәлелденіп, қуанышымда шек болмады. Бірақ, енді ата-анам мен жігітімнің туыстары білім қалар ма екен деп алаңдаймын. Негізі біздің осы әрекетіміз дұрыс па?"-деп көптен ақыл сұраған ару.

Сонымен бірге ол, болашақ жарының "пәктік" мәселесіне баса мән бермейтінін алға тартқан.

"Жолдасым мені сүйеді, міне жақын арада тойымыз да болады. Анам мен оның туыстары алғашқы неке түні туралы көп айтады. Мен сондайда не айтарымды білмей, қатты ұяламын. Алланың алдында үлкен күнә жасағанымды білемін, алайда махаббатқа шек жоқ. Сіздер не айтасыздар?",-деп әңгімесін аяқтаған ару.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1748261-tojga-dejin-zakyndasyp-kojdym-trmys-krgaly-zatkan-aru-iski-syryn-ajtyp-myn-sakty/

pixel