Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бала емізетін әйелдерге қарбыз жеуге бола ма?

Опубликовано:

Тамыз айында жеміс-жидектер пісіп, адам ағзасы қажетті дәрумендерге байып қалатыны анық. Көпшілік әсіресе қарбызды қатты ұнатады. Мамандар қарапайым адамдарға қарбыздың қанша мөлшерін жесе де пайдалы екенін, алайда емізулі сәбиі бар жас аналарға аталған жемісті жеуде сақ болған жөн деген кеңес айтады. Бұл туралы kp.ru-ға сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Фото: kp.ru
Фото: kp.ru: UGC

Мамандар әсіресе сәбидің қандай да бір жеміске немесе өзі дәмін татып көрмеген тағамға аллергиясы болса, емізулі аналарға қарбыз жеп қажет емес дейді. Мұндай «әрекет» баланың бойындағы аллергендерді қоздыруы мүмкін екен.

Сонымен бірге олар қарбызды шамадан тыс көп жеу – шақалақтардың іштерінің кебуіне алып соқтыруы ықтимал дейді. Бұл ретте емізулі нәрестесі бар аналар күніне бар-жоғы бір-екі тілім қарбыздың ғана дәмін татулары тиіс екен.

Жалпы алғанда, мамандар сәби тек 2 айдан асқан соң ғана аналарға қарбызды жеуге рұқсат береді. Алайда, олар әр адамның ағзасы әр түрлі екенін алға тартады. Сондықтан, қандай да бір жемісті өзіңіздің тамақ рационыңызға кіргізбестен бұрын, алдымен өз дәрігеріңізбен кеңес алған жөн дейді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/health/1748267-bala-emizetin-jelderge-karbyz-zeuge-bola-ma/

pixel