RU
Қазақстанның бас мүфтиі Меккеде қажыларға арнап дастархан жайды
Жаңалықтар Қоғам

Қазақстанның бас мүфтиі Меккеде қажыларға арнап дастархан жайды

Рассказать Вконтакте

Меккеде Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Серікбай қажы Ораздың атынан 300 қажыға арналған дастархан жайылды деп хабарлайды muftyat.kz-ке сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: muftyat.kz

Фото: muftyat.kz

Іс-шараға Қажылық миссиясының мүшелері, Қазақстанның Жидда қаласындағы Бас консулы Талғат Шалданбай, қажылық фирмаларының жетекшілері, уағыз-насихатқа жауапты имамдары, т.б. меймандар қатысқан.

Алғашқылардың бірі болып сөз алған қажылық миссиясының төрағасы, наиб мүфти Бауыржан қажы Əбдірашұлы Бас мүфтидің дұғай сəлемін жеткізіп, ізгі ниеті мен тілегін білдірген. Шараға қатысқан ақсақалдар болса қатысушыларға бата беріп, өз алғыстарын жаудырған.

Айта кетерлігі, биыл Қазақстаннан Меккеге арнайы квотамен аттанғандардың саны 3000-нан асып жығылды.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
0
1
0
3
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel