RU
Талдықорғанда цирк артисі биіктіктен құлап түсті (видео)
Жаңалықтар Оқыс оқиғалар

Талдықорғанда цирк артисі биіктіктен құлап түсті (видео)

Рассказать Вконтакте

Талдықорған цирк артисі биіктіктен құлап түсіп, ауруханаға жеткізілді. Абырой болғанда, акробат дін аман деп хабарлайды ҚазАқпаратқа сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: zakon.kz

Фото: zakon.kz

Оқиға кеше кешке орын алған. Акробаттың биіктен құлап түскен видеосы әп сәтте-ақ желіде тарап кеткен. Куәгерлердің айтуынша, оқыс жағдай орын алған сәтте, оқиға орнына жедел жәрдем көлігі келіп, артисті ауруханаға алып кеткен. Қазіргі таңда 28 жастағы акробат дін аман әрі оның денсаулығына айтарлықтай зақым келмегені анықталды.

"Кешегі жағдай бәрімізді есеңгіретіп тастады. Биіктіктен құлап түскен акробаттың есімі - Дарья Верская. Ол Омбы қаласының тумасы. Өте білікті акробат, сол себепті де әлгіндей биіктіктен жеңіл құлаған. Бүгін кешке Дарья цирк сахнасына қайта шығатын болады",-дейді артистің әріптесі Иван Щербаков.

Айта кетерлігі, цирк артистерінің барлығы дерлік көршілес Ресейдің Омбы қаласынан келген акробаттар. Олар ендігі гастрольдік сапарларын Қарағанды қаласында жалғастырамыз деп отыр.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
1
0
2
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel