RU
Қызылорда облысының 96 жастағы тұрғыны өзінің ұзақ өмір сүру құпиясымен бөлісті
Жаңалықтар Қоғам

Қызылорда облысының 96 жастағы тұрғыны өзінің ұзақ өмір сүру құпиясымен бөлісті

Рассказать Вконтакте

Қызылордалық Өтеш Тасжүрекқызы өзінің 96 жасында аймақтағы өнерлі әжей ғана емес, мықты бағбан ретінде де танылған. Жалағаш ауданы, Мәдениет ауылының ең қарт тұрғыны өзінің ұзақ жасау құпиясымен бөлісті деп хабарлайды Хабар 24-ке сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото бейнежазбадан алынды

Фото бейнежазбадан алынды

Кейуананың айтуынша, әжейдің ата-анасы да қолөнершілер болған екен.

"Маған қолөнер өнері сол кісілерден дарыған деп ойлаймын. Мен бала күнімнен кесте тігіп, кілем тоқып үйренгенмін. Алайда талант болғанымен, кез келген өнерде еңбек керек. Тек еңбектенген адам ғана бәріне жетеді деп ойлаймын",-дейді кейуана.

Сол сияқты қария күні бүгінге дейін бағбандықпен айналысып, өзі осыдан 30 жыл бұрын салған жаңғақ ағаштарын күтіп, баптайды екен.

"Біздің обылста жаңғақ ағашын өсіріп баптау өте қиын. Климаттық жағдай мүмкіндік бермейді. Соған қарамастан бұл кісі сол ағаштарды өсіріп, жыл сайын мол өнім алып келеді",-дейді ауыл тұрғындарының бірі.

Өтеш Тасжүрекқызы 11 бала, 35 немере мен 28 шөбере көріп отырған бақытта әже. Бүгінде ол өз отбасы үшін адал еңбек пен мейірімді ананың символы дейді ауыл тұрғындары.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
0
0
0
3
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel