RU
Туған әкелерін 30 жерден пышақтап өлтірген қыздарға қатысты сұмдық жайттар белгілі болды
Жаңалықтар Әлемде

Туған әкелерін 30 жерден пышақтап өлтірген қыздарға қатысты сұмдық жайттар белгілі болды

Рассказать Вконтакте

Туған әкелерін 30 жерден пышақтап өлтірген қыздарға қатысты сұмдық жайттардың белгілі болды. Арулардың айтуларынша, олар өз әрекеттеріне еш өкінбейді екен деп хабарлайды МК-ға сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: МК

Фото: МК

Апа-сіңлілердің ортаншысы Ангелина өзінің әпкелерін сағынатынын айтқан. Ал кенжесі Мария болса, кәмелет жасына толмағандарға арналған арнайы қамауда жатса, үлкендері ересектерге арналған түрмеде екен. Қыздардың ең кішісі басына МРТ жасатынын айтыпты. Себебі бойжеткеннің 14 жасынан бастап басы ауыратын көрінеді.

"Әкем мені бетімде із қалмасын деп үнемі басымнан ұратын. Жұдырығын жұмсайтын, кейде тіпті орындықпен бір соғатын. Оған әбден етіміз үйреніп кеткен. Қазір шыны керек, үйден гөрі түрмеге келгеніме қуаныштымын. Біз әлгіндей қорлықтан құтылдық",-дейді ару.

Сонымен бірге әкелері оларға мектепке де баруға тыйым салыпты. Бойжеткендер кейде тіпті оның рұқсатынсыз әжетханаға, тамақтануға бара алмайтынбыз дейді.

"Біз оның қыздары емес, күңдері болатынбыз",-дейді олар.

Айта кетейік, Кристина, Ангелина және Мария есімді үш апалы-сіңлілі 57 жастағы әкелерін 30 жерден пышақтап өлтіріп, кейін полицей шақырған болатын. Олар мұндай әрекетке әкелерінің тым қаталдығынан әрі көрсеткен қорлығына шыдамай бардық дейді.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
7
6
5
8
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel