RU
Қостанайда тұтастай бір ауыл мектебінің оқушылары жергілікті билікке қарсы байкот жариялады
Жаңалықтар Қоғам

Қостанайда тұтастай бір ауыл мектебінің оқушылары жергілікті билікке қарсы байкот жариялады

Рассказать Вконтакте

Қостанай облысындағы Семилетка ауылында мектеп әлі күнге дейін жоқ. Балалар оқуға ескі автобуспен барып келуге мәжбүр деп хабарлайды Alau.kz-ке cілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: alau.kz

Фото: alau.kz

Семилетка ауылы Қостанай мен Рудный қалаларының ортасында орналасқан. Ауылда мектеп жоқ, сондықтан жергілікті тұрғындар балаларын Перцевка ауылындағы мектепке апарып, оқытуға мәжбүр. Оқу уақыты жақындап қалғандықтан, ауыл тұрғындары тағы да дабыл қағып отыр. Себебі балаларды көрші ауылға таситын көлік тым ескі көрінеді.

"Қыс уақытында автобус үнемі істемей қалады. Кей кезде күн қатты аяз болмаған уақытта, мәселен -19 градустың өзінде-ақ автобус істен шығып қалуы мүмкін. Сол кезде жоғары сыныптың оқушылары көлікті жүргіземіз деп итеріп әлек болады. Өте қиын, балаларымызға мектеп салып берсін немесе жөнді көлік берулерін талап етеміз",-дейді ауыл тұрғындары.

Ал, Жданов ауылдық округінің әкімдігінде "көліктің жөнделіп жатқандығын" айтқан.

"Көлік жөнделеді, қазірдің өзінде оның маңызды тұстары жөндеуден өтті. Келісімшарт жасадық, күзге дейін бәрін бітіруіміз керек",-дейді ауыл әкімі.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
3
0
3
0
0
1
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel