RU
Алматы облысында қатты ыстық ауа райы сақталмақ
Жаңалықтар Калейдоскоп

Алматы облысында қатты ыстық ауа райы сақталмақ

Рассказать Вконтакте

Алматы облысында алдағы күндері қатты ыстық ауа райы сақталмақ деп хабарлайды "Қазгидромет" орталығына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: khabar.kz

Фото: khabar.kz

Сондай-ақ Қызылорда, Түркістан облыстарының басым бөлігінде, Жамбыл, Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау, Қостанай, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Ақмола, Қостанай облыстарының кей жерлерінде найзағай, дауыл күтіліп, жел 15-20 м/с күшейеді. Бұршақ жаууы мүмкін. Түнде және таңертең тұман күтіледі.

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай соғып, желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ге дейін күшейеді.

Павлодар, Қарағанды облыстарында кей жерлерде найзағай күтіледі.

Жамбыл облысында күндіз кей жерлерде найзағай, дауыл күтіледі.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel