RU
Танымал велошабандоз Александр Винокуров Данияда Қазақстан рекордын жаңартты
Жаңалықтар Спорт

Танымал велошабандоз Александр Винокуров Данияда Қазақстан рекордын жаңартты

Рассказать Вконтакте

Еліміздегі танымал велошабандоз Қазақстанның рекордын жаңартты. Ол Даниядағы IRONMAN супертриатлонында мәреге екінші болып жеткен деп хабарлайды Vesti.kz сілтеме жасаған NUR.KZ.

Танымал велошабандоз Александр Винокуров Қазақстанның жаңа рекордын орнатты

Александр Винокуров. Фото: today.kz

IRONMAN супертриатлоны кеше, 19 тамыз күні Данияның Копенгаген қаласында өткен.

Аталған жарыста Александр Винокуров қазақстандықтар арасында топ жарған.

Мәреге жеткенше алда келе жатқандар қатарынан көрінген спортшы өз тобында екінші болып жеткен. Ол қашықтықты 9 сағат 4 минут 16 секундта жүріп өткен.

Айта кету керек, осылайша велошабандоз Қазақстанның рекордын жаңартып отыр. Бұған дейін аталған қашықтықтағы сайыста 9 сағат 7 минутта мәреге жеткен Артюшенко рекорда жаңартқан болатын.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
0
0
0
1
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel