RU
Ләйлә Сұлтанқызы 40-тан асқан шағында студент атанды
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Ләйлә Сұлтанқызы 40-тан асқан шағында студент атанды

Рассказать Вконтакте

Танымал тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы 40-тан асқан шағында студент атанды. Ол өзінің мемлекеттік грантқа таласпайтынын мәлімдеді деп хабарлайды NUR.KZ.

Ләйлә Сұлтанқызы. Фото: NUR.KZ

Ләйлә Сұлтанқызы. Фото: NUR.KZ

Өзінің студент атанғаны жайлы Сұлтанқызы Instagram парақшасына жазып, қуанышымен бөлісті.

"Мен енді MBA студентімін. Қазір қолымызды кеш сермейтін, ғылымды ескермейтін заман емес. Мен "мемлекеттік грантқа таласпаймын. Күйеуімнің ақшасына оқимын" деп жазған едім ғой. Ағылшыннан тест тапсырып, эссемді жаздым. Енді заңды студентпін.

Қаржылай сауаттылық пен сауда заңдылығының қыр-сырын білу қажет болып тұр. Сол себепті КАЗГЮУ бизнес-мектебін таңдадым", - деп жазды Сұлтанқызы.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
0
0
0
2
15
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel