Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жас футболшылардың алдында жұлқына билеген Кәмшат Жолдыбаева сынға қалды (видео)

Опубликовано:

Интернетте отандық танымал әншінің жас спортшылар алдында би билеген видеосы тарап кетті. Желі қолданушылар Кәмшат Жолдыбаеваның жас жігіттердің алдында жұлқына билегенін ерсі қылыққа теңеп, оны аяусыз сынап тастады деп жазады NUR.KZ.

Бейнежазбада сахнаға шыққалы тұрған әншінің бір топ футболшының көзінше майысып билегені көрініс тапты.

Кәмшат Жолдыбаеваның жас жігіттердің алдында жұлқына билегені жұртқа жақпай қалып, отандық әнші үлкен сынға ұшыраған. Бірі оның тым ашық киім үлгісі үшін сөксе, бірі тым әсерлі биін талқылады.

"Өзінің інімімен жасты балдардың қасында былай билегені несі"
"Масқара. Жасөспірімдер алдында не істеп тұр өзі"
"Дауа жоқ осы әншіге. Атын шықпаса жер өрте демекше, өзін танымал қылу үшін өзін көпшілікке көрсеткісі келеді"
"Жас балдардың қасында тұрып дардай бола тұра көргенсізқдік жасап тұрғаны ұят нәрсе", - деп сынады желі оқырмандар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1748325-zas-futbolsylardy-aldynda-zlkyna-bilegen-kmsat-zoldybaeva-synga-kaldy-video/

pixel