RU
Базарда ақша жымқырған ұрлықшы әйел жазадан қашып, өзенге секіріп кетті
Жаңалықтар Әлемде

Базарда ақша жымқырған ұрлықшы әйел жазадан қашып, өзенге секіріп кетті

Рассказать Вконтакте

Әлеуметтік желіде Өзбекстанның Андижан облысы Шахрихан ауданында ұрлық жасаған әйелді ұстауға тырысқан адамдардың видеосы тарап кетті. Келіншек жазадан қашу үшін өзенге қарай секірген деп хабарлайды zakon.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: Видеодан кадр

Фото: Видеодан кадр

Оқиға 14 тамыз күні болған. Бұрын істі болған азаматша Шахрихандағы базарда адамдардың сөмкелерінен 492 мың сом, ал саудагерлердің сөмкесінен 192 мың сом ұрлап алған. Сондай-ақ, келіншек тағы бір сатып алушыдан 270 мың сом, ал сатушыдан 30 мың сом мен ұялы телефон жымқырып кеткен екен.

Күдікті оқиға орнынан тығылмақ болған сәтте қолға түсіпті. Жәбірленушілер мен куәгер келіншекті полицейлерге ұстап бермек болғанда, ол Шахрихансай арнасына секіріп кеткен екен.

Алдын алу инспекторы әйелді құтқарып, оны полиция бөлімшесіне жеткізген. Күдіктінің денесінде күш қолдану белгілер бар екен.

Көп желі қолданушылары бұл істі "өздігінше жазалау" деп қабылдапты. Ал Андижан облысының Ішкі істер қызметі басқармасы бұл пікірді жоққа шығарып отыр.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
1
2
1
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel