RU
Астанада тазарту қондырғыларын пайдалануға қатысты дөңгелек үстел өтті
Жаңалықтар Қоғам

Астанада тазарту қондырғыларын пайдалануға қатысты дөңгелек үстел өтті

Рассказать Вконтакте

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің төрағасының орынбасары Бейбіт Шахановтың төрағалық етуімен «ТКШ ҚазОрталығы» АҚ алаңында «Қазақстан Республикасындағы елді мекендерде жаңа кәріздерді тазарту қондырғыларын (КТҚ) жобалау, салу және пайдалану» атты дөңгелек үстел өтті.

Инвестициялар және даму министрлігінде тазарту қондырғыларын пайдалануға қатысты дөңгелек үстел өтті

Іс-шараның бастамашысы және модераторы – Қазақстан Республикасының «Қазақстан Су Арнасы» Сумен жабдықтау және санитария кәсіпорындары қауымдастығының президенті Валерий Сюндюков. Дөңгелек үстелге «Мемсараптама» РМК өкілдері, жобалау ұйымдары, тазарту жабдығын өндірушілер, сондай-ақ Ресей мен Беларусь мамандары қатысты.

Іс-шараға қатысушылар саланың қазіргі жағдайын талқылады және КТҚ жобалау, салу және пайдалану үдерісінде келесі жүйелік проблемалардың бар екендігін атап өтті: озық технологиялар енгізудің заманауи ғылыми базасының жоқтығы, жетілдірілмеген нормативтік база, бірыңғай техникалық саясаттың жоқтығы, білікті мамандардың болмауы және басқалар.

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің төрағасының орынбасары Бейбіт Шаханов қатысушыларды Комитеттің қызметінде ескерілетін және заңнамалық деңгейде шешілетін ең өзекті мәселелерді шешу бойынша бірлескен ұсыныстар әзірлеуге шақырды.

Инвестициялар және даму министрлігінде тазарту қондырғыларын пайдалануға қатысты дөңгелек үстел өтті

Дөңгелек үстелге қатысушылар бұл ұсынысты қолдады. Жақын арада «ТКШ ҚазОрталығы» АҚ және «Қазақстан Су Арнасы» шоғырландырылған ұсыныстарды қалыптастыру бойынша жұмыс бастайды және оны қарау және шешім қабылдау үшін Комитетке жібереді деп шешілді.

Сондай-ақ, жобалау ұйымдары мен Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының тазарту жабдығын өндірушілермен өзара әрекеттестігі мәселелері талқыланды. Комитеттің өкілдері қолданыстағы нормативтік талаптардың ең маңызды ережелерін түсіндіріп, қатысушыларға тазарту құрылғыларын салу және қайта құру үшін әзірленген жобалық құжаттаманы келісу және қайта келісу тәжірибесіне қатысты сұрақтарға жауап берді.

Дөңгелек үстелдің қорытындысы бойынша қатысушылар пікір алмасты, мұндай іс-шараларды өткізудің маңыздылығын әрі өзекті мәселелерді талқылау үшін бірлескен жұмыстың қажеттігін атап өтті.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel