RU
Әйгілі футболшы өз мансабы үшін құрбан болған анасы туралы ашық айтты
Жаңалықтар Спорт

Әйгілі футболшы өз мансабы үшін құрбан болған анасы туралы ашық айтты

Рассказать Вконтакте

Футболдан Габон құрамасының бұрынғы шабуылшысы Шива Н'Зигу Le Chroniques du Gabon YouTube-арнасына берген сұхбатында спорттық жетістіктері үшін анасы құрбан болғанын айтты деп хабарлайды zakon.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото : Nicolas Bacri / Icon Sport via Getty Images

Фото : Nicolas Bacri / Icon Sport via Getty Images

Футболшы спорттық мансабын бастайтын кезде ата-анасы оның есімін өзгертіп, бес жасқа жасартып, құжаттарын өңдеген екен.

Сондай-ақ, Габондық футболшының әкесі ұлының футболда биік мансапқа жетуі үшін анасын өлтірген екен. Бұл ісін әкесі құрбан шалумен түсіндірген көрінеді.

Сұхбат барысында Н'Зигу діни іс-шара уақытында әпкелермен және басқа да ер адамдардармен сексуалды қатынасқа түскенін де мойындаған.

Н'Зигу көптеген клубтарда ойнап, 2016 жылы мансабын аяқтаған. Футболшы Габон құрамасында 24 матч өткізіп, 2000 жылдан 2008 жылға дейін бес доп соққан. Гобондық африка ұлттарының Кубогы тарихындағы ұлттық құрамада 16 жасында өнер көрсеткен ең жас футболшы да атанған.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
1
4
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel