Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Танымал нумеролог өзіне жалғызбасты аналар мен кәрі қыздардың жиі келетінін айтты

Опубликовано:

Отандық нумеролог Лаура Сәрсенбайқызы соңғы кездері кең қанат жайып келе жатқан саланың құпиясын ашты. Маманның айтуынша, нумерлогияны балгерлік пен көріпкелдікпен шатастыруға болмайды. Бұл тұжырымның да өзіндік негізі де бар деп жазады NUR.KZ.

Фото: nrl.va
Фото: nrl.va: UGC

Қоғамда үлкен танымалдылыққа ие бола бастаған нумерология жайында көпшіліктің қояр сауалы таусылар емес. Желі қолданушылары бұл жаңа сала аясында түрлі пікір білдіріп, қызу талқы ұйымдастыруда.

Осыған орай, көптің көкейінде жүрген маңызды сұрақтарды арнайы нумеролог маманға қойып, қажетті мағлұматтарды алуға бел будық.

Нумерология дегеніміз не? Бұл сала біздің елімізге қалай келді?

"Нумерология сандар арқылы жұмыс істейтін сала. Бізге ол негізінде әлеуметтік желінің күшімен еніп кетті. Бұл ғылымның дамуына шыны керек, интернеттің ықпалы зор болды.

Нумерологияның балгерлік пен көріпкелдікпен қандай байланысы бар?

Көпшілік нумерологияны балгерлік пен көріпкелдікпен жиі шатастырып жатады. Алайда, олар бір-біріне ұқсамайтын бөлек әлемдер. Оларды ұқсату үлкен қате. Көріпкелдер өз болжамдарын елес пен өздерінің ішкі сезімдеріне сүйене жасаса, біз ақпаратты сан ғылымынан аламыз.
Адамның өміріндегі әрбір санның өз маңыздылығы бар. Нумерология сол сандардың құпиясын ашуға бағытталады", - деп айтты маман.

Нумерология бойынша адамдар қандай көмек сұрайды?

"Маған жас айырмашылықтары әр түрлі адамдар жүгінеді. Алайда көпшілігін қаржы мәселесі көбірек алаңдатады. Олар бизнестерін қашан ашып, қалай жүргізу жөнінде білгісі келеді.
Сондай-ақ, өмірде өз орындарын таба алмай жүргендер де көптеп келеді. Қандай іспен айналыссам, қай бағытта дамысам деген сұрақтар қояды. Ата-аналар тұйық мінезді балаларын да алып келіп тұрады. Олар перзенттерінің болашағына уайымдап, келешекте не боларын сұрайды.
Осындай мәселелерге қатысты біз арнайы есеп жүргізіп, нәтижесінде толыққанды кеңес береміз", - деді нумеролог.

Маманның айтуынша, бұл есептеудің балаларға ықпалы зор. Себебі, әлі болашаққа аяқ баспаған балақайлардың мамандық пен бағыт-бағдар таңдауына нумерология таптырмас дүние дейді ол.

"Жалғызбасты аналар мен некелерінде қиындық туындаған әйелдер де жиі жүгінеді. Мен оларға тек өз салам бойынша ақпарат беремін. Бірақ кейбір кездері, олар нумерологияны балгерлікпен шатастырып, тылсым нәрселерді білгісі келіп жатады." - дейді Лаура Сәрсенбайқызы.

Оған қоса, маман өзіне әлі тұрмыс құрмаған қыздар келіп, болашақ жары туралы жиі сұрап жататынын жеткізді.

Өзіңіз нумерологияға қызығушылығыңыз қалай басталды?

"Шыны керек, кішкентай кезімнен бері цифрға қызығатынмын. Уақыт өте келе, мұның үлкен ғылым екенін түсініп, өз қабілетімді жетілдіре бастадым. Өзіме қатысты сандарды есептеу барысында менің өмірлік міндетім - адамдарға көмектесу, жігерлендіру мен кеңес беру екеніне көзім жетті. Және қазіргі уақытта менің өз ісіммен айналысып жүргенімде күмәнім жоқ", - деді ол.

Нумеролог сандар ғылымының беретін ақпараты көп жағдайда дәл түсетінін алға тартты. Нақты берілетін мәліметтің өзі дұрыс есептей алатын маманға байланысты болса керек.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1748361-tanymal-numerolog-zine-zalgyzbasty-analar-men-kri-kyzdardy-zii-keletinin-ajtty/

pixel