RU
Түркістанға көшіп келген Жансейіт Түймебаевты халық шашумен қарсы алды (фото)
Жаңалықтар Қоғам

Түркістанға көшіп келген Жансейіт Түймебаевты халық шашумен қарсы алды (фото)

Рассказать Вконтакте

Түркістан облысының орталығы Түркістан қаласына  көшкен Түймебаев бастаған көшті халық шашумен қарсы алды деп хабарлайды NUR.KZ  тілшісі.

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ
Source: UGC

Түркістан облысының әкімдік қызметкерлері жаңа өңір орталығы, рухани астана Түркістан қаласына көшті. Шымкент қаласынан бастау алған шарада шымкенттіктер облыс басшысына баталарын беріп, тіпті қимастық сезімі ретінде көздеріне жас та алған. Ал Түркістан жұртшылығы керуенді ыстық ілтипатмен қарсы алып, қадамы құтты болсын деген ырыммен шашу да шашты. Танымал ақын Бекарыс Шойбеков керуенге арнап өз арнауын жолдады.

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ
Source: UGC

Көш керуенін бастап барған Жансейіт Түймебаев бұл күнді тарихи сәтке балап, барша әріптестеріне сәттілік тіледі.

"Түркістан қаласы соңғы алты ғасыр бойына халықтың мәртебесі, ұлттың рухы болып келеді. Алты алаштың амандығы үшін түнде ұйықтамаған, күндіз отырмаған қазақтың  21 ханы Түркістанда жерленуінің өзі көп нәрседен хабар беріп тұр емес пе? Мұны жәй ғана дәстүр деп атауға болмайды. Ендеше тарихи сәттің табалдырығын аттап, қасиетті қаланың тұрғындарына айналған баршаңызға қоныс құтты болсын айтамыз", - деді облыс әкімі.

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ
Source: UGC

Мұнан соң аймақ басшысымен бірге зиялы қауым өкілдері киелі қалаға қоныс аударған бірқатар басқарма кеңселерін аралап шықты. Айта кетерлігі, Түркістанға көшкен облыстық бірнеше басқарма тойхана ғимаратында жұмыс істейтін болады.

Тойхана залында тіпті жиын да өткізген Жансейіт Түймебаев Шымкент қаласына деген ойын да жеткізді.

"Бес-алты жерде басқа кеңселеріміз бар. Сіздер күтпедіңіздер, иә? Бәрін дайындадық. Ал Шымкентке деген қимастыққа келсем, қимастық жоқ.  Өйткені  біздің – отанымыз Қазақстан. 1997 жылы  Елбасы тапсырмасымен Астанаға да мен бірінші боп бардым. Ол кезде  басқа жағдай болды. Жағдай бұдан да қиын еді ғой.  Елбасы айтқандай, Түркістанның  шынында да  тарихи орын бөлек", - деді Жансейіт Түймебаев.

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ
Source: UGC

Сондай-ақ, аймақ басшысы керуенді қарсы алушыларға өз ризашылығын білдіріп, тіпті түскі ас кезінде күллі әкімдік қызметкерлерімен алғаш рет түстеніп отырғанын да айтып қалды. Одан өзге Түймебаев кезінде ел астанасы Астанаға көшкен кездегі естеліктерімен бөлісіп, бір пәтерде бес–алты адам боп тұрып, тамақ жейтін жерлерді іздеген кездерін еске алды.

Айта кетерлігі, Түркістан облысы әкімдігінің қызметкерлері енді киелі мекендегі тарихи-мәдени этнографиялық орталық ғимаратында отыратын болды. 

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ
Source: UGC

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
1
3
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel