RU
Ақмола облысында өзін-өзі атып жіберген сарбаз өмірімен қош айтысты
Жаңалықтар Оқыс оқиғалар

Ақмола облысында өзін-өзі атып жіберген сарбаз өмірімен қош айтысты

Рассказать Вконтакте

Ақмола облысы Степногорск қаласында жедел қызмет сарбазы бекетте тұрған жерінде өз-өзін атып өлтірген. Бұл туралы otyrar.kz сайтына cілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Фото: otyrar.kz

Фото: otyrar.kz

Қазақстан Республикасы Ұлттық гвардиясының "Орталық" аймақтық командасында мәлімдегендей, 18 тамыз күні таңғы 7:25-те қатардағы жауынгер Роман Данияев түзеу мекемесінің қауіпсіздік қызметінде тұрған жерінде өз басына оқ атқан.

Нәтижесінде, 21 жастағы жігіт о дүниеге аттаныпты. Жедел қызмет сарбазы Қарағанды облысынан шақырылған екен.

"Қазіргі уақытта бұл әрекеттің себебі анықталып жатыр. "Орталық" аймақтық командасы мен 3517 әскери бөлімшесі Роман Данияевтың туған-туыстарына қайғырып көңіл айтады", - деді "Орталық" аймақтық команда баспасөз қызметінің басшысы, подполковник Қанат Дос.
Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
0
3
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel