RU
Ең көрікті қылмыскер: Есірткімен ұсталған ару ойда жоқта танымал болып кетті
Жаңалықтар Әлемде

Ең көрікті қылмыскер: Есірткімен ұсталған ару ойда жоқта танымал болып кетті

Рассказать Вконтакте

19 жастағы Маршала Перкинсті осы уақытқа дейін ешкім танымаған. Ару Facebook-тағы полиция бөлімшесінің парақшасына шыққан сәттен бастап жұлдызға айналған деп хабарлайды life.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Техас тұрғыны Маршала Перкинс осы уақытқа дейін қарапайым студент болған екен. Ару қанша бейнесабақтар үйретіп жүрсе де, айтарлықтай танымал болмаған көрінеді.

Бірде азғантай ғана есірткі қолданған аруды полицейлер ұстап алыпты. Олар қыздың көлік құжатын тексеру үшін келіп, есіртікінің иісін сезіп қойған көрінеді.

Осылайша, Маршала бір күнін полицей бөлімшесінде өткізген екен. Таңертең үйіне қайтқан ару өз суреттерін бөлімшенің Facebbok парақшасына шығарғанын да білмепті.

Ал желі қолданушылары қыздың сұлулығына тәнті болып, оның бояну шеберлігіне таңдай қаққан екен.

Арудың бостандықта жүргенін білмеген желідегілер оны "ең әдемі қылмыскер" ретінде босатуды да сұрапты.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
3
0
2
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel