RU
Қарағанды облысында бес жасар қызды зорлаған педофил сотта жазасын алды
Жаңалықтар Қоғам

Қарағанды облысында бес жасар қызды зорлаған педофил сотта жазасын алды

Рассказать Вконтакте

Қарағанды облысы Сәтбаев қаласында бес жасар қызды зорлады деп айыпталған сотталушы өмір бойына бас бостандығынан айырылды деп хабарлайды NUR.KZ.

Педофил. Көрнекі фото: dpchas.com.ua

Педофил. Көрнекі фото: dpchas.com.ua

Сот үдерісіне қатысты брифинг өтті.

"Жыл басынан бері тек осы сотталушы өмір бойына бас бостандығынан айырылып отыр", - дейді брифингте.

Іс материалдарына сәйкес, полицияға бес жасар қызының жоғалғанын әкесі хабарлайды. Сол күні 50 жастағы ер адамның ізіне түскен тәртіп сақшылары оның пәтеріне кірмек болады.

Алайда ер адам пәтерге полицейлердің кіруіне қарсылық білдірген. Полицейлер пәтер ішінен жылап отырған бес жасар қызды табады.

Сотталушының бұған дейін істі болғаны анықталды. Ал қыз бала ішкі ағзалары зақымдалып, бірнеше ота жасатуға мәжбүр болған.

Тұтқындарды алып жүретін күзетші күдікті ұсталған күні ашуға бой алдырып, күдіктіні соққыға жығып тастайды. Сәтбаев қалалық соты сержантты бұл әрекеті үшін екі жылға бас бостандығын шектеу жазасына кесті.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
4
2
1
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel