Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тойда трактормен қыдырған жас жұбайлар жұртты өзіне қаратты

Опубликовано:

Ақтөбеде жас жұбайлар қала тұрғындарын ерекше той кортежімен таң қалдырды деп хабарлайды NUR.KZ.

Әлеуметтік желіде жарияланған ерекше сурет бірден танымал болып кеткен.

Онда күйеу жігіт пен қалыңдық қымбат көліктермен қоршалған тракторда тұрыпты.

Сурет астында бұл жүк тиегіш көліктің жүргізушісінің тойы екені жазылған екен. Ал бұл идеяның мағынасын әркім өзінше түсініпті. Десе де, қос ғашықтың ақтөбелік жас жұбайлардан ерекшеленгені анық.

Желідегі сурет астында кейбіреулері жас жұбайларды қуаныштарымен құттықтаса, енді біреулері олардың әрекетін дұрыс емес деп санаған.

"Талқыламас бұрын бұл мамандықтар туралы ойланыңыздар. Ассенизатор жүргізушілері нәжіс тасыса, қоқыс көлігін жүргізушілер қоқыс тасиды. Ал жүк тиегіш көлікті жүргізушілер жолда жұмыс істейді. Егер олар болмаса, қаламызға не болар еді? Жай ғана осы жастар үшін қуана білейік", - деп жазған Асхат есімді желі қолданушы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1748427-tojda-traktormen-kydyrgan-zas-zbajlar-zrtty-zine-karatty/

pixel