Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бұрынғы мәжіліс төрағасының ұлы түрмеден босап шықты

Опубликовано:

"Байтерек DEVELOPMENT" АҚ басқарма төрағасының бұрынғы орынбасары, экс-мәжіліс спикері, қазіргі депутат Қабиболла Жақыповтың ұлы – Аслан Жақыпов шартты түрде мерзімінен бұрын босап шығу мүмкіндігіне ие болды деп хабарлайды Астана қаласы сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: mgorod.kz
Фото: mgorod.kz: UGC

"2018 жылдың 14 тамызында Астана қаласының Алматы ауданының №2 аудандық соты Аслан Жақыповтың өтінімін қанағаттандырып, оны шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы шешім шығарды", - деп хабарланған мәлімдемеде.

Сонымен бірге құзырлы орган Жақыповты шығаруға оның қамауда өзін тәртіпті ұстауы әрі өз мерзімінің 2/3-сін өтеп қоюы себеп болғанын айтқан. Бұл Қылмыстық кодекстің 72 бабы бірінші тармағына қарама-қайшы келмейді дейді сот мамандары.

"Аслан Жақыповтың шартты түрде мерзімінен бұрын босатылуы шешім шыққан күннен бастап өз күшіне енеді. Әзірге шешім өз күшіне енбеді", - деп жазылған хабарламада.

Айта кетерлігі Жақыпов бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың ісіне қатысы бар деген күдікпен тұтқындалған еді. 14 наурыз күні сот Жақыповты 2,6 жылға бас бостандығын айыру туралы үкім шығарған-ды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1748435-bryngy-mzilis-tragasyny-ly-trmeden-bosap-sykty/

pixel