RU
Бозымбаев Ресейден бензин әкелуге тыйым салатын бұйрыққа қол қойды
Жаңалықтар Саясат және экономика

Бозымбаев Ресейден бензин әкелуге тыйым салатын бұйрыққа қол қойды

Рассказать Вконтакте

Энергетика министрі Қанат Бозымбаев Ресейден теміржол көлігімен бензин әкелуге тыйым салу туралы бұйрыққа қол қойды деп хабарлайды Sputnik Қазақстан агенттігіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: Allexander Makarov / Russian Look / Globallookrpess

Фото: Allexander Makarov / Russian Look / Globallookrpess

16 тамызда БАҚ-та жарияланған бұйрық ресми жария етілгеннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң, яғни 26 тамызда күшіне енеді. Тыйым үш ай мерзімге енгізіліп отыр.

Бұған дейін Қазақстанның Энергетика министрлігі тыйым салудың себептерін түсіндірген болатын.

Энергетика вице-министрі Болат Ақшолақовтың айтуынша, Қазақстанда мұнай өңдеу зауыттарын модернизациялау жұмыстары аяқталғаннан кейін бензин артылып қалып жатыр.

Энергетика министрлігі Ресейді импортқа тыйым салынатыны туралы хабардар етті.

Сонымен қатар ведомство бензинді автомобиль көлігімен әкелуге тыйым салынбайтынын атап өтті.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
2
0
1
1
1
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel