RU
Шымкентте 37 жастағы жігіт тылсым күштің әсерінен соң сүндетке отырды
Жаңалықтар Қоғам

Шымкентте 37 жастағы жігіт тылсым күштің әсерінен соң сүндетке отырды

Рассказать Вконтакте

Шымкентте 37 жастағы азамат тылсым күштің әсерінен соң сүндетке отырған. Бұл туралы балалар хирургы Жақсылық Амантаев айтты деп хабарлайды Замана басылымына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Көрнекі фото: Infourok.ru

Көрнекі фото: Infourok.ru

Шымкенттегі облыстық балалар ауруханасының қызметкері, жоғары санаттағы балалар хирургы Жақсылық Амантаев 15 жылдан бері бала сүндеттеумен айналысқан екен. Азамат жылына 100-150 баланы сүндеттейтін көрінеді.

Дәрігер балаларды сүндеттеудің 200-ге тарта түрі бар екенін айтты. Сондай-ақ, ол бұл істі жасатуға тек кішкентай балалар емес, жасы үлкен ер адам да келгенін жеткізді.

Жақсылық Амантаев. Фото: zamana.kz

Жақсылық Амантаев. Фото: zamana.kz

Оның сөзінше, кішкентайында сүндетке отырмаған 37 жастағы татар азаматы тылсым күштің әсерімен осы іске барған.

"Оны ата-анасы сүндеттетпеген, өзінің де ойына кіріп-шықпаған екен. Кейін оған түсініксіз тылсым күш әсер еткен. Бір жайсыз түсті қайта-қайта көре беріп мазасы қашқан соң молдаға барып көрінсе, ол кісі сүндеттелуі керек екенін айтыпты. Әлгі азамат сүндетке отырған соң жағдайы жақсарып кетті" ,- деді дәрігер.

Сондай-ақ, хирург қазіргі уақытта балаларды "лазермен сүндеттеу" қолданылып жүргенін айтты.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
3
0
1
2
17
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel