RU
Енесіне өшіккен күйеу жігіт оны пышақтап тастады
Жаңалықтар Әлемде

Енесіне өшіккен күйеу жігіт оны пышақтап тастады

Рассказать Вконтакте

Бішкек тұрғыны енесімен жауласып, оған пышақ жарақтын салды. Бұл туралы NUR.KZ порталы kabarlar.org сайтына сілтеме жасап жазады.

Пышақ. Көрнекі фото: kabarlar.org

Пышақ. Көрнекі фото: kabarlar.org

Махмуд бұл қылмысы үшін түзету колониясында төрт жыл жазасын өтейтін болды. Ол 2017 жылдың 12 қыркүйек күні жалдамалы пәтерде әйелімен ұрысып қалады. Жанжалға әйелінің анасы араласып, күйеу жігітке ескерту жасамақ болған.

Алайда бұған ашуланған Махмуд енесіне балағат сөздер жаудырып, оны арқасынан тебеді. Артынша кеуде тұсынан пышақ жарақатын салған ер адам оқиға орнынан ізін суытқан. Ол енесіне жедел жәрдем шақыруды жөн санамайды.

Сотталушының адвокаты оның артында кішкентай баласы барын және қылмысы үшін өкінетінін ескеріп, Махмудқа ауыр жаза тағайындамауды сұраған. Сот шешімі өзгеріссіз қалды.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
3
0
0
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel