RU
Шымкентте 70 жастағы ақсақал екінші рет үйленетін әйел іздеп жүр
Жаңалықтар Қоғам

Шымкентте 70 жастағы ақсақал екінші рет үйленетін әйел іздеп жүр

Рассказать Вконтакте

Шымкентте 70 жастағы қария өзіне 35-40 жас аралығындағы әйел іздеп жүрмін деп, жұртты таң қалдырды. Ақсақалдың айтуынша, қарияның бәйбішесі осыдан бірнеше жыл бұрын қайтыс болған екен. Ал, балаларының өз тіршіліктері бар көрінеді. Бұл туралы Замана басылымына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Көрнекі фото: Bernd Schray

Көрнекі фото: Bernd Schray
Source: UGC

Басылымның мәліметінше, ақсақал бәйбішесі кеткен соң жалғызсырайтын көрінеді. Сол себепті, өзіне екінші жар іздеп жүр екен.

"Жасым – 70-те. Бірақ қаусап тұрғаным жоқ. Денсаулығым жақсы. Құдайға шүкір, балалар бар ғой, дегенмен әркім өз шаруасымен жүріп жатыр. Әйелім осыдан бірер жыл бұрын қайтыс болған. Кейде жалғызсырайтын кездер болады, сондықтан бас құрауды шештім. Балаларға шешімім жайлы айтқанмын, олар қарсы емес. Сол сияқты Қайын жұрт та бұл жайдан хабардар. Бұған қатысты аға-жеңгелерімнің де алдынан өткенмін. Ешқайсысы қарсы емес, рұқсатын беріп отыр",-дейді қарт адам.

Сонымен бірге қария "болашақ жарының жасы 30-40-та болса екен" деген тілегін айтқан.

"Жасы 35 – 40-тардағы әйелмен таныссам деймін. Барлық жағдайын жасауға шамам жетеді. Өзім бүгінде қаладағы бір мекеменің күзет бөлімінде істеймін. Табысым бір отбасын асырауға жетеді. Әйелдің қалауына қарай, ауылда десе – ауылда, қалада десе қалада тұра береміз. Балалармен келісім бар, бөлек тұрамыз.

Өйткені келіндер шаңырақты игеріп қалған, сондықтан бөлек тұрып сыйласамыз деп шешкенмін. Ер-азаматын сыйлай білетін жан болса деймін. Әйтпесе қиын ғой. Бір танысым бар, төрт мәрте үйленген. Дәм-тұзы жараспағандарымен бір-екі айдан кейін-ақ ажырасып кеткен. Менің өйтіп үйлене салғым келмейді. Шын мәнінде әйел болатын, еркекті қадірлей білетін жанмен таныссам екен деймін",-деп әңгімесін аяқтады ақсақал.

Сіздің реакцияңыз
4
0
6
2
1
6
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel