Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"80-ге таяғанда тұрмысқа шығып, той жасаған" кейуана желіде жұлдыз болды

Опубликовано:

Әлеуметтік желіде "70 жасында той жасап, сәукеле киген" кейуананың видеосы тарады деп хабарлайды NUR.KZ порталы.

Видеода қалыңдық көйлегін киген кейуананың қымбат көлікке отырып жатқаны байқалады. Мұны көрген желі қолданушылары кейуананың Гауһар тойын атап өтіп жатқанын алға тартты.

"Бұл ата мен әженің Гауһар тойы, 60 жыл бірге шаңырақ астында тұрды. Атамыз бен әжеміз жас кезінде мұндай тойды дүркіретіп жасай алмаған, қартайған шақтарында бала-шағасы, немере-шөбелері той жасап берген", - дейді желі қолданушыларының бірі.

Пікір қалдырушылардың сөзіне сенсек, кейуана мен қарияның тоғыз ұлы, бір қызы бар.

Тengrinews.kz порталының мәліметіне сәйкес, видеодағы кейуананың жолдасы - Жамбыл облысы Мойынқұм ауданы Көктерек ауылында тұратын Оңлабай Мүлкібаев ата. Биыл 80-ге толатын қария құдай қосқан жары Қожашқызы Тиышкүл әжеймен отасқанына алпыс жыл болған "Гауһар тойын" тойлатыпты.

Айта кетейік, видеода көрсетілгендей, әженің жасы 70-те емес, 80-ге таяп қалған екен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1748482-80-ge-taaganda-trmyska-sygyp-toj-zasagan-kejuana-zelide-zldyz-boldy/

pixel