RU
Тәжікстанда билік Құрбан айтта аста-төк дастархан жайғандарға айыппұл төлеттірмек
Жаңалықтар Әлемде

Тәжікстанда билік Құрбан айтта аста-төк дастархан жайғандарға айыппұл төлеттірмек

Рассказать Вконтакте

Тәжікстанда дін істері комитеті Құрбан айт мерекесінде мол дастархан жайған адамдарға айыппұл салынатынын мәлімдеді. Бұл туралы muslim.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Көрнекі фото: muslim.kz

Көрнекі фото: muslim.kz

Тәжікстан елінде мұсылмандарға Құрбан байрам мерекесіне арнап мол дастархан жаюға тыйым салынды. Егер кімде-кім үйінде мейрамға арнап аста-төк дастархан дайындаса, бес мың сомони (530,7 доллар) көлемінде айыппұл төлейтін болады.

Комитет өкілдері бұл күндері ешқандай жеміс-жидексіз, тәттілерсіз қарапайым ғана дастархан жаюды ұсынып отыр.

Сондай-ақ, осы уақытта елде мейрамалды күндері базардағы бағаның қалыпты тұруын тексеретін рейд өтпек.

Егер сатушылар тауарлар бағасын көбейтетін болса, олардың үстінен сотқа арыз жіберілетін болады. Ал айыппұл көлемі кейіннен бекітіледі.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
1
0
1
1
8
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel