RU
Сағынтаев Шымкент пен Түркістан әкімдерін тату болуға шақырды
Жаңалықтар Қоғам

Сағынтаев Шымкент пен Түркістан әкімдерін тату болуға шақырды

Рассказать Вконтакте

Премьер-министр Бақытжан Сағынтаев Шымкент пен Түркістан әкімдері бір-бірімен тату болып жүру керектігін айтты, деп хабарлайды өңірдегі NUR.KZ тілшісі.

Фото авторы: Береке Сейітжаппар

Фото авторы: Береке Сейітжаппар

Бүгін үкімет басшысы бастаған жұмысшы топ еліміздің күнгей өңіріне арнайы іссапармен барды. Алдымен Түркістан өңірінде болған Бақытжан Сағынтаев жаңа облыс орталығы Түркістан қаласындағы басқарма мен департамент ғимараттарын аралап көрді. Әкімдік аппаратымен жиын өткізген премьер-министр бұдан соң Шымкент қаласына барды.

Шымкент басшысы Ғабидолла Әдірахымов үкімет басшысына шаһарды дамыту мәселелері жөнінде баяндама жасап, бірқатар жобаларды жүзеге асыру үшін үкіметтен қаржы сұрады. Сонымен қатар Әбдірахымов бүгінгі таңда Түркістан өңірінің басшысы Жансейіт Түймебаевпен қарым-қатынасы жақсы екенін атап өтті.

"Біз Асқар Ұзақбайұылының (авт: үкімет басшысының орынбасары) басшылығымен және де бірқатар министрлермен облыс пен қала меншігіне қатысты сұрақтарды қарадық. Нәтижесінде Түркістан облының әкімімен екі жақты келісімге келдік. Қазір арамызда ешқандай сұрақтар жоқ...", - деді Ғабидолла Әбдірахымов.
Фото авторы: Береке Сейітжаппар

Фото авторы: Береке Сейітжаппар

Мұны естіген Бақытжан Сағынтаев өз сөзін ағайындардың татулығы туралы мысалмен жалғастырды.

"Солай болу керек, ешқандай сұрақ болмау керек. Бір жерде тұрған ағайындар екіге бөлінгеннен кейін айтысып жүргені ұят болады", - дейді үкімет басшысы.

Айта кетейік, Ғабидолла Әбдірахымов таныстырған жобалардың басым көпшілігі Сағынтаевқа ұнағанымен, Шымкентті көгалдандыру, абаттандыру жұмыстары тек қала үшін қажеттігін айтып, ол мәселені жергілікті биліктің өз шешуі керектігін ескертті.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
0
0
0
1
6
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel