RU
Қазақ қызы Индонезияда өтіп жатқан Азия ойындарының қола жүлдегері атанды
Жаңалықтар Спорт

Қазақ қызы Индонезияда өтіп жатқан Азия ойындарының қола жүлдегері атанды

Рассказать Вконтакте

Индонезияның Джакарта мен Палембанг қалаларында өтіп жатқан Азия ойындарында Қазақстан қоржынына тағы бір медаль түсті. Таеквондошы Фариза Алдоңғарова Азиаданың қола жүлдегері атанды деп хабарлайды Olympic.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: Сали Сабиров, Қазақстан ҰОК баспасөз қызметі

Фото: Сали Сабиров, Қазақстан ҰОК баспасөз қызметі

Жартылай финалда Фариза тайпейлік спортшы Су Поядан 6:11 есебімен жеңіліп, үздік үштікке енді. 

Осылайша, қазақстандық таеквондошы Азия ойындарының қола жүлдегері атанып отыр. Бұл Қазақстан құрамасының қоржынына түскен 5-ші жүлде.

Фото: Данияр Майлыбаев, Қазақстан ҰОК баспасөз қызметі

Фото: Данияр Майлыбаев, Қазақстан ҰОК баспасөз қызметі

Фариза Алдоңғарованың Olympic.kz сайтына берген сұқбатында жеңістің оңай келмегенін, барлық кездесулердің қиын өткенін айтады.

"Барлық кездесулер қиын өтті, қарсыластарым да өте мықты, танылған спортшылар. Бірінші айналымда кездескен өзбекстандық спортшымен бірнеше рет жолымыз түйісті. Бірде ол жеңсе, бірде мен ұтып жүрдім. Өзбек қызының әлем чемпионатында қола жүлдегер атанғанын да ұмытпаңыздар. Сондықтан, жекпе-жектің тартысты өтуі заңды. Мені жеңген тайпейлік қыз Азиаданың чемпионы атанғанын көрдіңіздер. Жалпы, өзім бұдан да үлкен нәтиже көрсетемін деп ойлағам. Бұйырғаны қола медаль, оған да шүкір етемін", - дейді Фариза.
Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
2
6
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel