RU
Бір жасар қызы ыдыс жуатын сұйықтық ішіп қойған ана жанайқайын жеткізді
Жаңалықтар Денсаулық және сұлулық

Бір жасар қызы ыдыс жуатын сұйықтық ішіп қойған ана жанайқайын жеткізді

Рассказать Вконтакте

Өсмкеменде бір жасар сәби Жанерке Жеңіс абайсызда ыдыс жуғыш сұйықтықты ішіп қойған. Салдарынан бүлдіршіннің асқазаны күйіп, бүгінде тамақ ішуден қалған деп хабарлайды Алтайньюс сайтына сілтесме жасаған NUR.KZ.

Фото: altaynews.kz

Фото: altaynews.kz

Басылымның мәліметінше, оқиға осы жылдың қаңтар айында болған.

"Біз Өскеменде жер үйде тұрамыз. Күн суытқан соң, көмір әкелуге сыртқа шыққан едім. Қайтып кіргенде, жүрегім тоқтап қала жаздады. Қызым химиялық жуғышты ішіп отыр екен", – деген Айгүл Қуандықова қызының қазіргі жағдайын айтты.
"Дәрігерлер бүлдіршіннің күйіктен жиырылып қалған азқазанына жіп арқылы көздей тесік жасап қойған. Оның күші бір жарым аптаға ғана жетеді. Одан кейін асқазандағы күйік жиырылып, қызым қайтадан су да тамақ та іше алмай қалады", – дейді Жанеркенің анасы.

Үш күн бойы өмірі үшін күрсіп, 29 рте ем-шара жасалған бүлдіршіннің бүгінде тек құр сүлдесі қалған.

Бұл күнде қызының тіпті күлмейтінін айтқан шарасыз ананы сәбиінің толықтай жазылып кетуге мүмкіндігі бар деп отыр. Ол үшін Омскіде емделуі керек. Алайда оған қаржы қолбайлау екен. Жанеркенінің операциясына, қаралуына, жатар орынмен, жол пұлына 400 мың теңге қаржы қажет.

Сондықтан да бүлдіршіннің ата-анасы қайырымды жандардан көмек сұрап отыр.

Көмек көрсету риквизиттері: Kaspi Gold: 5169 4931 8419 1693 ИИН: 870519302959 Куандыков Ерлан Женисович (әкесі) Halyk Bank: 4390 8782 6537 3257 ИИН: 630604400209 Давлетова Светлана Владимировна (апасы)

Сіздің реакцияңыз
0
0
1
11
0
2
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel