RU
Екінші Венеция: Астана толассыз жауған жаңбыр кесірінен тағы да судың астында қалды (фото, видео)
Жаңалықтар Қоғам

Екінші Венеция: Астана толассыз жауған жаңбыр кесірінен тағы да судың астында қалды (фото, видео)

Рассказать Вконтакте

Астана бүгін түс ауа жауған жаңбырдың кесірінен тағы да судың астында қалды. Көшелерде көлікпен жүріп қиындап, қала ішінде ұзын-сонар кептеліс пайда болды деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

Бүгін Астанада түс ауа жауған жаңбыр салдарынан қала көшелері судың астында қалды. Толассыз жауынның азабын әсіресе жаяу жүргіншілер тартуда. Олар жергілікті билік аталған мәселені тез арада шешпесе, қаланың су жаңа асфальтынан түк қалмайды дейді.

"Міне аялдаманың маңын көрідің бе? Бұл қайта бер жағы, Ұлттық музей жанындағы аялдаманы көрсеңіз тіптен шошисыз. Су тобықтан асады, тіпті автобустың ішіне кіріп кеткенде, тіпті таң қалдық. Кәдімгідей көліктің доңғалағынан асып, ішіне кіріп кетті. Масқара ғой? Сыртта малмандай су болғанымызбен қоса, автобустың ішінде де шылқыдық. Әкімдікке айтарым, арық жүйесін шешпесе, мына жолдың түгі қалмайды. Бәрін су шайып әкетеді",-дейді қала тұрғындарының бірі.

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

Елорданың әсіресе мемлекеттік мекемелер орналасқан сол жағалауын тобықтан асатындай су басқан. Салдарынан қалада кептеліс орнап, көшеде көлік қозғалысы қиындап кетті.

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

"Астанада жаңбыр жауса болды, осылай су астында қалады. Таңертең күн бұлттап тұрса, сол күні міндетті түрде резеңке етік кию керек. Әйтпесе болмайды, аяқтың бәрі шылқыған су болады. Ол аздай көліктер арлы-берлі жүргенде көп суды үстімізге шашып кететіні тағы бар. Арық салу керек, басқа амал жоқ",-дейді қала тұрғыны.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
14
1
2
3
0
3
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel