RU
Назарбаев қазақстандықтарды Құрбан айт мерекесімен құттықтады
Жаңалықтар Қоғам

Назарбаев қазақстандықтарды Құрбан айт мерекесімен құттықтады

Рассказать Вконтакте

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқын Құрбан айт мерекесімен құттықтады деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: Ақорда

Фото: Ақорда

"Құрметті отандастар!
Баршаңызды қастерлі Құрбан айт мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
Құрбан айт – исламды жақсылықтың, жасампаздық пен үйлесімдіктің діні екенін паш етіп, күллі мұсылман қауымын бейбітшілік пен татулыққа, өзара түсіністікке шақыратын қасиетті мейрам.
Сондай-ақ, ол – діни мереке ғана емес, барша адамзатты бір-біріне көмек қолын созуға үндеп, бауырмалдыққа баулитын үлкен рухани құндылық.
Бұл күндері адамдар жақындарына ақ тілектерін арнап, игі істер жасауға ұмтылады.
Құрбан айт алуан түрлі конфессиялар мен этнос өкілдері тұратын Қазақстанда азаматтардың бойына ізгілік нәрін сеуіп, олардың ұстанатын діні мен ұлтына қарамастан, бір-бірін қадірлей білуге зор ықпал етеді. Сондай-ақ, рухани тұтастығымызды нығайтып, бірлігімізді бекіте түседі.
Осынау жарқын мерекеде әрбір шаңыраққа бақыт, бейбіт өмір мен береке-бірлік тілеймін!
Қасиетті мейрамда шалған құрбандықтарыңыз бен ізгі ниеттеріңіз сауаптан жазылсын!
Айт қабыл болсын!", - деді президент.
Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
2
0
0
0
1
12
3
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel